Posted in

КЕСІМДІ СӨЗ (ПІКІР)

Ақырғы, үзілді-кесілді шешім. ~ Баласының бұл қылығы құлағына шалынған Нұртаза, онымен араздасып,
«бұныңнан тиыл, əйтпесе енді қайтып қарада бойыңды көрсетпе»деген кесімді сөзін айтыпты, əкесін
тыңдамауға Молдағазының батылы жетпепті. С.Мұқ. ~ Бұларды, – жалпы билерді, қазақ бұрын ел ішіндегі әділ
қазыға, ел арасына кесімді сөз айтатын елшіге бағалап, тілінен май тамған құс патшасы аққуға, үні бір көлден екінші көлге
жетер қазға теңейтін. С.Жүн. ~ Бір күні үй-іші боп жеке күңкілдесіп, дастарқан басында өздерінше кеңес құрды. Кеңес
басшысы атасы, кесімді сөзді сөйлеген де сол, әжесі болса тек қана құптаушы. С.Жүн. ~ Майлыбаев – істің анығына
жетпей, бастығы алдында кесімді пікір айтуды ыңғайсыз санады. К.Тоқ.