Көлденең пәле боп жабысты, кесапаты тиді. ~ Дәрігерге көрсетіп тексертіп еді: “Ана жатырынан айтуы жоқ біраз кесір жабысқан, сол біраздың екі-үшеуі ержете келе, емделумен жазылады, бір-екеуі өмір бойы жазылмай сүйек жолдас болып кетеді”, – десті. Д.Дос. * Өзімшілдік дерті атақты ғалымға, саясаткерге, мәртебелі лауазымды кісіге, ақын-жазушыға, суретшіге, өзге де толып жатқан өнер иелеріне жарасар-ау, ал шынымды айтсам қыз балаға, өмірде өз бақытын іздеп жүрген ұрғашыға кесір боп жабысатын мінез екен! Д.Дос. * Оның үстіне жорық алдында күллі ел қадірлейтін Сыпатай батырдың берген сәлемін қырын отырып, немкетті алғаны да кесір болып жабысып, жұртты теріс айналдырған еді. С.Әбік.
