Кедергі келтірді, залалын тигізді, жаулық қылды. ~ Ол ұстады ауызында Салқындатар сөзін айтпай: Ләззатына бір минуттей Кесір қылсам ақмақшылық … І.Жанс. ~ Құдайым мұсылманға кесір қылды, Көңілі басқа діннің өсірілді. Тастақ жақтан Шымкентті жүгіріп алып, Баласын мұсылманның жесір қылды. Майлықожа. * Бұл да Сүйінғараның кесірі. Ол өзі тікелей кесірлік жасамаса да, соның ылаңы болмай ма? М.Әбдіх. ~ «Өзекті жанға өлім бар» депті. Тракторын, толып жатқан тетікпен жүретін машина. Соның бірдемесі бұзылып қап кесір жасамаса! С.Мұқ. ~ Ал енді талқылап көрейік, — дедім мен мосье Годарды бұрышта тұрған диванға қарай алып жүрмек боп. Бірақ маған күзетші кесір жасады. В.Наб. ~ Мен де өмірдің тамаша, адамдардың бақытты болғанын, махаббат, тек қуаныш болса екен деп тілеймін, осыған кесір келтіргеннің бәріне жаным қас. И.Бун. ~ Бұл да Сүйінғараның кесірі. Ол өзі тікелей кесірлік жасамаса да, соның ылаңы болмай ма? Әбден, соның ылаңы деуге болады”. М.Әбдіх.
