Тірлік нышаны байқалды, тірілді. ~ Байтал түгіл бас қайғының кезінде ештеңемен ісі болған жоқ, әрине, жасалған ем бойға дарып, кеудеге жан бітіп, бетке әр біте бастаған кезде қиялы құрғыр әр нәрсені елестетіп, көзі құрғыр әр нәрсеге түсе берді. Ә.Тар. ~ Иә, ажары ғана емес, мына қызыңыздың кеудесіне жаны кіріп, жақсы болып қалды, апа, – деп Майра өзінен жоғарырақта, маған тақау отырған Меңтайды нұсқады. Ә.Нұрш. ~ Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізген, Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім. М.Жұм.
