Posted in

КЕУДЕГЕ МҰЗ ҚАТТЫ (ТОЛДЫ)

Әлденеден көңілі қалды, біреуге ренжіді, өкпе сақтады, жүрегі суыды. ~ Тәңірім-ай, кеудеге қатқан мұзды ерітетін, жаныңды
жылытатын бір амал болсашы!.. Жоқ қой…титімдей амал, иненің жасуындай шығар жол жоқ-ау. Ж.Шағ. ~ Кеудеге тағы да
толар мұң. Сағынып, құлазып, Апа мен үйге оралдым. Апа мен оралдым ескі үйге, Баяғы бәріміз тұратын. Қ.Бегм.