Posted in

КЕУДЕГЕ САЛДЫ

Күштеді, шындап кірісті, сес көрсетті. ~ Жарытымды жауап алмағанына ыза болған Майбасар, енді, Құлыншақтарды бұрынғы
кеудеге салып қорқытып, ығырып жібермек болды. М.Әу. ~ Тауға салса тас кескен, Кеудеге салса бас кескен, Балдағы
алтын ақ берен, Өле кетсем далада, Шарбағым деп алады. БС. “Орақ пен Мамай”. ~ Түнде Зоотехник: «Сенің уақытың көп,
мендей емес, оқып аласың ғой», – деп кетті. мұрынға су жетпей жүргенін біле тұра, қылымсығаны несі, кекеткені де. Егер
шын құлық қойса, айналдырған бесалты газетті оқып шығуға уақыт табуға болады. Құр кеудеге салатын еріншек- ақ.
Оқымайды- ау, оқымайды. О.Бөк. ~ Егер олардың артында қошаметшісі болып, иін тірескен қалың елді
көрсең, сол бізге тоқтау беру керек. Оны көре тұра өнерлі, сыншы кісімсіп, қыңыр кеудеге салып, өрге
сүйреу ұят. Ол – надандықтың белгісі. C.Бег.