Тұла бойын кернеген сезім туралы. ~ Кенет өмір қызықты ертегіге ұқсап, жүректер құпия кірігіп кететін махаббаттың мерейлі
ұлы сәті басталды. Әйел белдемшесінің сулы, кеудеге сыймай сыңғырлаған құмарлықтың сылқ-сылқ күлкісі, жаныға алқынған
ыстық тыныс естілді. К.Гамс. ~ Жазығы – екі ғашық бірінсіз бірі жүре алмай, көрісуге асыққан. Ынтығып өліп-
өшкен қос жүрек тар кеудеге сыймай бұлқынған. Ө.Кәр. ~ Сыйынып аруаққа, иман, арға, Күй тулар, кеудеге кек
сыймағанда. Егіліп күңіренді тау, өксіп бұлақ, Күйшіні түрмеге сап, қинағанда. Қ.Бұғ. ~ Хакімнің намысты
шымырлатарлық ащы кекесіні көздеген жеріне дөп тиді ме, әлде көптен бері кеудеге сыймай келген қамығу
зары ернектеп кетті ме, әйтеуір, қарауға қатал, қаны ішіне тартылған кәрлі жанның үні балқып шықты. Х.Ес. ~ Бозбалалық
мінезге Елігіп әсте ермеген. Ақылы дана данышпан, Кеудеге сыймай кернеген. ҚАӘ.
Бойын ерекше сезім кернеді. * Жазатын тақырып және керексіз екен, Бірақ менің аяқталмай қалған университеттік білімім кеудеме сыймай барады. М.Мағ. * Арқан ысып, сым темір жыртқан алақандары шиедей қан, бәйгеден жаңа келген аттай алқынып өкпесі кеудесіне сыймай, азар тұр. Ш.Айт. * Осындай бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Әбілқайыр, Қазан ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын мен бақан бойлы, шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. І.Ес. * Бар пәлені бастаған Дариға жеңгем болды. Ол әдетінше айтам деген жаңалығы кеудесіне сыймай, мойнымнан құшақтап алып: — Қыз — ау әлгі демалысқа келген кәмәндірді көрдің бе? – деді. Т.Ахт. * Шаттық сезім кеудесіне сыймай жүрегі лүпілдеп тез-тез соғып кетті. Ә.Нұрп.
