Айтылуға дайын, тіл ұшындағы сөз, ой, көңілінде тұрған әлдебір сезім хақында. * Жердің бəрі Күнікейдің кеудесінде сайрап тұр. Ж.Айм. ~ Соның бәрі кеудесінде сайрап тұрған өлеңді суырып салып, ауызша айту үстінде сол бейнелі тіркестер мен образдар түйдек-түйдегімен ескі түрінде емес, жаңарып, алып отырған объектісіне лайықталып, жасарып, құлпырып түскен. С.Қир. * Тіл айтпаса да, көңілде сайрап тұрған қасірет–хал Абайдың кеудесін от пен уға толтырған. М.Әу. * Қазір сөйлеспесе де, Абайдың, Мағаштың, Кәкітай мен Дәрменнің – бәрінің көңілінде сол күдіктер сайрап тұр. М.Әу. ~ Қазір қай жағына қарасаң да көзіңді жоталана үйілген сары топырақтардың ұзаққа созылған қыраты. Ол қыраттар әлдеқайдан тармақтала айрылады да, әлдеқайдан барып қайта ұштасады. Бұлардың не жоталар екені Рахметтің көңілінде сайрап тұр. С.Мұқ. * … осының бәрі көкірегінде сайрап тұрған Керімбек «азар болса бір шіріген жұмыртқа боларсың» дегендей, қарысқан қалыппен: — Беу, қарағым балам. Менің жасаған осы жасымды қайда тығып, қайда жерлеп тастамақсың … — деді. Ж.Ахм. ~ Бұл дыбыстардың, бұл жарықтардың бәрі бізге таңсық болғанмен, Байжанға таңсық емес. Қай кезде, кім үн шығарып жатқаны, қай жерде не от жанып жатқаны, шлюздің көпірінің үстінде жалғыз жүрген оның көкірегінде сайрап тұр… С.Мұқ.
