Posted in

КЕУДЕСІНДЕ (КӨКІРЕГІНДЕ) САҢЫЛАУЫ БАР

Ақылы, парасаты бар, жақсы мен жаманды айыра алатын адам. ~ Бірақ, ол онша желпінген жоқ. «Кеудесінде саңылауы бар адам болса біздің қазіргі жайымызды, менің қазіргі халымды айтпай–ақ ұқпай ма?» — дегендей көп жағдайда ол іркіле іркіле сөйледі. С.Бақ. ~ Хат танитын ғана шала сауатты болғанмен, көкірегінде саңылауы бар, әр нәрседен хабардар Оспан көп ұзамай-ақ оны игеріп кеткен. С.Жүн.