Posted in

КЕУДЕСІНЕ (КӨКІРЕГІНЕ) НАН ПІСТІ (ПІСКЕНДЕЙ БОЛДЫ)

Асып-тасыды, ешкімді менсінбеді, өркөкіректіке салынды. * Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң, кеудеме нан піскендей, өзіме-өзім әлдеқандай көріндім. Ж.Айм. * Кеудесіне нан піскен даңқ туралы, Құдіретті генералдардың жеңістері туралы оқысам мен, қызықпан, Президент, саған да, Сендерге де, Сарайдағы бұзықтар, Күндемен де қызықпан! М.Мақ. ~ Батырдың екі баласы Бостан, Достан үйірдегі жылқыға жиі қатынайды. Екеуі де кеудесіне нан піскен мақтаншақ… З.Шүк.

  1. Албырт, жүрек қызуы мол кез туралы. * Бетінің қызылы бұрынғыдан гөрі де молайып, лапылдаған кеудесінің ыстығына
    нан піскендей еді. О.Сәрс. * Кеудесіне нан піскен мынау сонакөз пристав әлінен асып, қазақ әйеліне қырындапты. Қорқытып
    зорлық жасауға ұрыныпты. Бұлар бізге шақырылмаған қонақтар. Ғ.Біл.