Posted in

КЕУДЕСІНЕ (КӨҢІЛДЕ) САЙТАН (ШАЙТАН) ҰЯЛАДЫ

Бұзылды, адал жолдан тайды, арамдық ойлады. * Адам арасына түйіртпегі мол сөздер таратып, әр уақытта кеудесінде бір сайтан ұялап жүретін шіріктер де бұл дүниеде баршылық. Ә.Шәр. ~ Пәлі, адамың айуаннан жаман ғой. Бірін-бірі алдап, арбап, зорлап жеп жатқан жоқ па. Талай жақсының қасына ердім, сырын түйдім. Адамшылық деген тек сөзде. Көңілде сайтан ұялап жатыр. Ғ.Мұст.

Жолдан тайды; суық жүріске салынды; арам ойға берілді;
азды. * Соның өзіне кәдімгідей өліп-өшкенімізді айтсаңшы! Төртеуіне кезек телмірген сайын көзім шұбартып, басым айналып, кеудеме бір шайтан кіріп алды. Т.Сәу. * Анау бір жылдары трестегі кассир қызбен әуейі боп, көңіліме шайтан кірген кезде, «осы қатын шынымен қата қалар ме екен, әлде ажырасам деп байбалам салса, сыныққа – сылтау, қисая салуға жақсы” деп, мұртымды қырып тастап ем … Т.Сәу.