Кердең, мақтаншақ, өр көкірек адам туралы. ~ ◊ Ə, осындай атақ-дәрежеміз бар, үкімет енді бізді өлтірмес деп, кеудемізге нан пісіріп жүрсек, онымыз бос әурешілік екен. Ж. Айм. * Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң, кеудеме нан піскендей, өзіме-өзім әлдеқандай көріндім. Ж.Айм. ~ Кожевтің пікірі бойынша, оның өзі айтқандай, “жалпыадамзаттық мемлекет” Батыс Еуропаның соғыстан кейінгі мемлекеттерінде – осынау сылбыр, тойынған, кеудесіне нан піскен, тек өзін-өзі ғана күйттеген, ырқы болар-болмас мемлекеттерде нақты өмірлік көрініс тапты, олардың ең орасан және қаһармандық жобасы ортақ базар болды. Ф.Фук. ~ Не бір кеудесіне нан піскен жуан қарын байлар мен шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлардың құрдай жорғалап өткенін, ордаға жалтақ-жалтақ қарап кіріп бара жатқанын көргенде, сыртқа білдірмесем де ішімнен: «Жасаған! Жеткергеніңе шүкір!» – деп қоямын. Б.Тоғ.
