Posted in

КЕУДЕСІНЕ СЫЙҒЫЗДЫ (СЫЙДЫ)

Жүрегінен, жадынан, көңілінен өшпес орын алды. ~ Осы күнге дейінгі бар өміріне жанды бейне, ішкі мағына берген туған жермен қоштасу қиын екен. Ержан кенет үлкен бір сыр ашып, қуанды. Ол өзі білген бар өмірді кеудесіне сыйғызып бірге алып бара жатыр екен. Т.Ахт. * Ай астында: Марғауланып ер мен елдің осыншама еркелігін, осыншама қасіретін мамырстан кеудесіне сыйғызып, қазақтың күреңселі даласы жатты. О.Бөк. * Абай куәлігі бұл шербешнайдың қалың жұртын қадалтқан түйін болатын. Өзін Тобықтымын демей, жалған намыс жоқтамай, кеудесіне сыйған ақтығы, әділеті бойынша Абай шешіп берді. М.Әу.