Қатерге қарсы тұрды, басын тікті. * Үзіліп-үзіліп азайған батальон кеудесін тосып, күші белгісіз жауға қарсы барады. Т.Ахт. * Сол кезде көңілін бір оқыс сезім билейді: Өзі білетін күллі әлемді, өзіне қымбат барлық жанды қауіп-қатерден кеудесін тосып қорғағысы келеді. Ш.Айт. * Оның үлкен ерлік үшін жаратылғанына, Раушанға шексіз ғашық екеніне, оққа кеудесін тосатынына осы сәтте өзі де сенді, қыз да сенді. Т.Ахт. ~ Ел қамы, қауым қамы деген жерге, Бірігіп, тоспайсыңдар неге кеуде?! Алыстан айқай қосып, жақын келсе Жым болар жұрт аз ба еді жеме-жемде! Ғ.Қай.
