Posted in

КЕУДЕ БАР

Мақтану, мардымсу, паңдану туралы. ~ Жөн білмейтін олақтығының үстіне, кей уақытта сөзге көнбейтін семіздігі де бар. «Бәйбіше баласымын» деген кеуде бар. М.Әу. ~ Құлақ бар – шындыққа да сенбейтұғын, Құлаш бар – сермеуге де келмейтұғын. Қолдар бар – бар болса да бермейтұғын, Кеуде бар – менменсіп сай өрлейтұғын. Н.Айт. ~ Жағымды хабар естігенде барып, құттықтап шығуға мүмкіндік болды (Көптеген пысықтар солай істеп, көзге түседі екен). Бірақ, бізде “кеуде” бар ғой. Не қазір барып құттықтасам, ертең жағымпазданып жүр деп ойлап қалады ма дедім де, көрген кезде құттықтаймын деген шешімге келдім. Б.Байғ.