Posted in

КЕУДЕСІН ШАЛҚАҚ ҰСТАДЫ

Ешкімге басын имеді, кербез, сырдаң қалпын сақтады. ~ Қыз өз сұлулығына тән ырза жанның кескіні, кеудесін шалқақ ұстап, аяғын қаздаңдай басады. Үлбіреген ақ жүзінде толқыған нұр білінеді. З.Шүк. ~ Сезімі жайдақ жеңсік құмар біреу болса бір сәрі. Қыз атаулының намысын ұстанып кеудесін шалқақ ұстаған- дағы жеткен жері осы-ақ па?! Ө.Кәр. ~ Жұпаргүлдің нақ өзі. Көп болса елуде шығар. Өңі тозбағандай екен. Сыртының қары сынбапты. Кеудесін шалқақ ұстағаны кербездігінен хабар бергендей. Ө.Кәр.