Posted in

КЕУДЕСІ АСТЫ

Шоқтығы биік болды, озып кетті, асып түсті. * … адамдардың қай-қайсынан болса да, Бақтығұлдың көргіштігі, есепшілдігі сонағұрым артық болып, даусыз басшы, ұдайы меншіктенген ие есепті кеудесі асып түсіп отырады. М.Әу. * Қай шаруаға қарай ауысса да, сол жұмыстың дәл өзінің басында жүрген жылқышы, егінші, қалашы сияқты адамдардың қай-қайсынан болса да, Бақтығұлдың көргіштігі, есепшілдігі сонағұрым артық болып, даусыз басшы, ұдайы меншіктенген ие есепті кеудесі асып түсіп отырады. М.Әу. * Жарықпын, жарқынмын мен жас күнімнен, Ер жеттім, талайлардан асты кеудем. Т.Молдағ.