Мақтаншақ, елірме. ~ Қалпағын жерге төңкеріп домбырамен ән айтып, сырнай шалып, арлы-берлі өтккендерге телмеңдеген кешегі кеудесі аяққаптай Халық артистері. Т.Сәу. ~ Әншейінде кеуделері аяқ қаптай, жеме-жемге келгенде жігіттер өз аулының тентегін өздері тыя алмады-ау, тым болмаса! Б.Нұр. ~ … жер түбіндегі жеті атаңның аруағы түгел риза болар, жер түбіндегі жеті ұрпағыңның кеудесін аяқ қаптай қылар айырықша әңгіме тұғын. Ә.Кек.
- Кеудесі кең, ер тұлғалы. ~ Түннің бір мезгілінде үстінде судай жаңа киімі, басында түлкі бөркі бар, кеудесі аяққаптай, екі иығына екі кісі мінгендей, екі беті қып-қызыл нарттай біреуді кіргізіп жіберіп, есікші шылдырлатып құлыпты салды. Б.Қыд. ~ Осы күнгі балалардың кеудесі аяқ қаптай, аяғы талыстай боп шыға келетіні несі екен? Ен кішкентайы Ерлан еді, ол күшік те сорайып өсіп барады. Қ.Жұм.
