Posted in

КЕУДЕСІ ТАЛЫСТАЙ

Кең иықты, кеудесі жазық, мол денелі. ~ Мұның інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, қол сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді. М.Әу. ~ Ол күркіреген даусымен бір өлеңін оқып тұрған кезде кеудесі талыстай, мойны бітеу, дөй қара біреу келе сала, ай-шай жоқ, Мұқағалидың арқасынан жуан жұдырығымен бар күшімен дүңк еткізіп бір қойды. Ұ.Ес. ~ Қарашаштың жауабын тыңдаған боп, жүктен оңға, батысқа қарай жағалата көз жүгіртті: Жоғарырақтағы қазықта кеудесі талыстай қара домбыра. Қақпағының сағаға жалғасқан жері сүйекпен оймышталып, ішегі тиегін тесіп өткізіліпті. Ж.Нәж.