Posted in

КЕУДЕСІ ТҮСКІР

“Құрғыр” д.м. жеңіл-желпі, жорта кею. ~ Ондай атты күн туса екі аяқты сұраусыз қалаған тұсқа қалдырып кетер еді. Сөйтіп кеудесі түскір кәдімгідей жеңілденіп қалар еді. Жә, әншейін елес- тағы, оның арғы- бергі жағына тереңдейтіндей шама қайда. Қ.Жиен. ~ Бір кезде оны дәуірлетіп, даңқын шығарған қасиеттің бәрі бірте- бірте бұлдырап, адасып қалды да, енді міне, төрінен көрі жақын кез келді, ал бірақ кеудесі түскір өлермен: жаны бар болғыр қартаймайды, аңсауың көңіл шіркін жігіт шағындағыдай арман- қиял құшағында шарқ ұрады. Ш.Айт.