Posted in

КЕУДЕ (КЕУДЕСІН) КӨТЕРДІ

Мақтанып кетті, көкірек көтерді, дандайсыды, әлдеқандай болды, менменсіді, қыр көрсетті. * Терентий онысына қарамас па еді, қайтер еді егер сөйлескен шақтарында Шыңғыс «подполковникпін» деп кеуде көтермесе. С.Мұқ. * Мен де кеуде көтеріп, шалқақтауды ұнатам… К.Мырзаб. * Басында — жәпірейген кепкі, үстінде — көнелеу костюм… Кеуде көтермейді, елмен араласып жүре береді. Б.Тоғ. * ~ О заманда жас күнімде жүректе еш тиянақ, көңілде күдік болмады, көбіне асып-тасқан кеудемен жүрдік. Не болса соған кеуде көтердік. Д.Дос ~…. қап-қара көздері едірейген «Ақ ұлпа» бүрген үйрекке тұяқтарын батырмастан, жай ғана толғап қойып, тұмсығын тигізбестен, тәкаппар бейнеде, кеудесін көтере отырар еді. С.Мұқ.