Posted in

КЕУДЕ (КЕУДЕСІН) ҚАҚТЫ

Мардымсыды, мақтанды, күпінді. * «Тегі жазушы парасаттылығы жазған дүниесі жақсы болған сайын шошандап, шоршандап, кеуде қағуда емес, сабырлы, салмақты бола түсуде шығар», – деп тағы түйдім. Ә.Нұрш. * «Біз не көрмедік», – деп кеудесін қағатын, ей, ағалар, ха- ха- ха, ендеше, мына біз не көрмедік.– Дәу жұдырығымен кабинаның темірін қойып- қойып қалды. О.Бөк. * Олардың әрқайсысы менменмін деп, мен мықтымын деп, мен бұл дүниенің тірегімін деп кеудесін қағып жүреді. Ә.Тар. * Ит ашуын тырнадан алады. Қарақалпақтың жерін әйдербекке Бәлдір сатып келгендей, тағы да соған ұрынған. Ұстамын деп кеуде қағады. Салған үйінің есігі қисайып жатыр. Төбесінде сылақ жоқ. Күз түсті. Әлі қорасы да қолға алынбапты… З.Шүк. * Тоқтабайдың тоқтамаймын Сұлу сымбат бейнесіне. Көтеріңкі, кеуде қаққан Мінездері кейде есіңе Түсіп кетсе, лажың жоқ, Оған жауап бермесіңе! А.Тоқм. * Бұндай мемлекеттер барын кадеттер географиядан біледі. – «Патшалардың орнына кім тұрады» дейді? – Мына, мен сияқты плебейлер! – деп Усов кеудесін қақты. С.Мұқ.