Posted in

КЕУДЕ КҮМБІРЛЕДІ (КЕУДЕДЕН КҮМБІРЛЕП ШЫҚТЫ)

Кеудені жарып шыққан майда қоңыр әуен туралы. ~ Кеуде күмбірлеп, ерін күбірлеп, көзі ұшқын атады. Міне, ән туды! Асқақ, әсем, мөлдір – “Жаймашуақ”. Біржан әндетіп қоя берді. С.См.~ Мирастың даусы-ай. Хордағы орыс қыздардың аһлап-үһлеп өліп кете жаздағанындай-ақ бар. Тынысы кең. Кеудеден күмбірлеп шыққан қоңыр үн. Ә.Тар.