Posted in

КЕУДЕ КЕРЕ КҮРСІНДІ

Уһілей, шерлене, терең күрсінді. * Жұмған көзін алақанымен көлегейлеп, «кіргізбе» дегенді ыммен білдірді ақырын. Сосын кеуде кере күрсінді. Д.Әш. * Өзі әредік кеуде кере күрсінеді, мұны бауыры езіле аяйтын шығар. А.См. * Не ол? Кейде жүрегінің сыздап, көзіне себепсіз жас толатыны несі? Кей ретте екі иінінен албасты басқандай өзөзінен еріксіз өксіп, кеуде кере күрсінетіні несі? О.Бөк.