Жиналған егіннен көрші-қолаңға берілетін үлес, садақа. * «Бүгін бармыз» ұранымен өмір сүрдік. Кеусен-құлақ та, басқа бір үйден шай ішу де, бас қосу да, бәрі де жер сілкіністегі зүлжалалдай тымырайып зым-зия жоқ болды. Б.Қыд. * Ал қазақтарға қызыл қырман кезінде келгендерге колхоз қырманынан болса да кеусен-құлақ бермеу де тексіздің, беріп көрмегеннің ісі, сараңдық болып көрінді. Б.Қыд.
