Амал атауы, киіктің үйірге түсер кезеңі. ~ Қазір мен білетін жеті амал бар. Бірінші амал – Күннің тоқырауы, екіншісі – қарашаның қайтуы, үшінші амал – Үркердің батуы, төртіншісі – мұздың қатуы, бесіншісі – киіктің матауы, алтыншы амал – қыс тоқсан, ал жетінші амал – ай тоғамы. Ж.Баб. ~ Айдың соңғы, қазан айының бас кезінде киік, ақбөкен, қарақұйрық текелері үйірге түсер шақтағы бұл амал (он жеті тоғыс) – киіктің матауы деп аталады. Ж. Кейк. ~ Қазан айының бас кезінде (кей жерде қарашада) киік текелерінің үйірге түсер шағында күннің суытып, қатты жаңбыр кейде қар аралас жаңбыр жауатын кезді киіктің матауы дейді. Киіктің матауы – «күннің тоқырауы», «қараша қаздың қайтуы», «үркердің батуы», «мұздың қатуы», «айдың тоғамы», «қыс тоқсанның кіруі» деп аталатын, есепшілер айтып, ескертіп отыратын жеті амалдың бірі. “Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі”. Энциклопедия.
