Не ішем, не кием демейді, бәрі бар, тұрмысы жақсы. ~ Дені сау болса, киімі көк, тамағы тоқ болса, алпыс жасқа талайлар келетіні талассыз. Бірақ соның көбі артына ой сап, көз сап қараса, қараң-құраң еткен әлденелерді, бірдемелерді көре алмай көзі талар еді. Б.Нұрж. ~ Жұмысбастылықты алға тартып, баласының оқуын, үлгірімін қадағалауды екінші орынға қойды. Олар баласының «киімі көк, тамағы тоқ» болса болды деген міндетті алып, тәрбие жағына аса мән бермей келеді. БАҚ.
