Тумаса да туғандай болған, асырап алынған бала. ~ Түп бабасы Мәті жеті-сегіз жасында Тоқтамыс батырдан тарайтын Доспамбеттің ауылына келген киімшең бала екен. Таңсық шешеміздің астынан өткізіп, ұрпақсыз кеткен Еспембет батыр баласы аттандырады. Сол Мәтінің жалғыз ұлы Әзберген тоқалынан туған Алдаберді, Тілеуберді, Тағыберді үшеуі де шетінен асқан бай болады. Ә.Кек. ~ Оу, хан ием, сол ілтипатыңызға мың да бір рақмет, мен оны қырық қатынның астынан өткізіп, ту бие сойғызып, той жасап, өзіме киімшең бала етіп алдым. Іншалла, биыл боқырауда үйлендіріп, отау көтерем бе деп жүрмін, – дейді Ерден күліп, – қазақтың ежелгі әдеті бойынша, қолға түскен құлды құл емес, ұл етіп алатын ата дәстүріміз ғой. Т.Жан.
