Posted in

КИІП КЕТТІ

Бір бүйірден тиісті; килікті, сөзге араласа кетті. * Естідіңдер ме, ей?! – деп бір бүйірден Қатшагүл киіп кетті. Бірақ өзінің екі көзі Жаңылда. О.Сәр. ~ Бүкіл өне бойы қалтырап, ұйығындай боп кетті. Ілезде … Әй, қыз, қайнымды ұялтпасаңшы,— деп осы тұста Жамал кеп киіп кетті. С.Мұр. ~ Сенің қазіргі әңгімелеріңнен бір брошюра шықса Сапар алады екен деп дәмеленбей-ақ қой, шошқа, – деп Сәрсен арадан киіп кетті. М.Сүн. * Мүсіреп аз кідіріп қалып еді, аңшы Мүсіреп тағы киіп кетті: — Жоқ, жоқ! Иесіз жатқан жер! Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма, тәңірі! Ғ.Мүс.