Ұзақ киюге жарамды. * Мысалға, егер үйге киетін аяқкиімді меринос қойдың жүнінен жасаса, ол тез жыртылып қалуы мүмкін. Ал қазақы қойдың жүнінен жасалған аяқкиімдер ұзақ киіс береді. Ж.Баб. * Менің бәтіңкем болса, ФЗО берген былғарысының қалыңдығы бір елі, аяққа да сондай жайлы, су жаңа мынау деген жұмыскер бәтіңке еді. Жарты жыл мойымай киіс беруге бар еді. Ол тәрізді аяқ киім бұл кезде өл, тіріл оңайлықпен табылмайды. Б.Соқ. ~ Оқас пальтоның былғарысын уқалап көріп: — Бір он жыл киіс берер – ау, — деп еді. Жүніс оған жәбірлене қарап:
— Мына он жылды айтамысың? Жиырма жылға қылау түспей бармаса, мен мұрнымды кесіп берейін, деген сөз айтты. Б.Соқ.
