Posted in

КІМНІҢ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ ҚОЯРСЫҢ

Жұрттың сөзін тия алмайсың; гулеген өсекке тоқтау жоқ д.м. ~ «… Қашқын ит Қошалақтың қатындарына ғана әуес екен. Біз кімнен кембіз? Неге бір соғып кетпейді? – депті дейді іргелес отырған Ашақтың әйелдері жұлынып. Айтты ма, жоқ па, кімнің аузына қақпақ қоярсың». Р.От. ~ Содан бері кейбір әзілі жарасқан құрдастары болмаса құдалық, қыз көру, айттыру туралы Төремұратқа қаратып ешкім сөз қозғаған емес. Сыртынан сөйлегендер өздері білсін, оларға не амал бар, кімнің аузына қақпақ қоясың? Н.Қам.