Кімге күнің түссе, соған тәуелдісің д.м. ~ Сондағы шортандай жүзетін қола тәнді Шынар мынау қара қыздан басқа адам сияқты боп елестеді. “Кімнің жерін жерлесең, соның суын суларсың” деген сөз рас” деді Елеусіз ішінен. Т.Әл. ~ Рақыш замандастың онысы жөн. «Кімнің жерін жерлесең, соның суын суларсың» деген емес пе. С.Бег. ~ … совхоз өміріне көндіге алмай жүрді де, артынан көпшілікпен ортақ тіл тауып, кімнің жерін жерлесең, соның суын сула дегендей, совхоз жыртысын жыртатын нағыз қамқор басшы болып шықты… C.Жүн.
