Posted in

КІНӘСІН ЖУДЫ

Айыбын өтеді. ~ Адам тек сол қателігіне өкініп Аллаға жалбарыну арқылы кінәсін жууы керек деп біледі. С.Елу. ~ Амандық-саулықтан кейін Есеней өз кінәсін тезірек жуып тастағысы келіп сөйлеп кетті… Ғ.Мүс. ~  Келіншек болып түскені сол — қара шаңырақтың қадірлі ақсақалы дүниеден көшті… Осы отанның алдында кінәлі жандай, алты жылдан бері еңсесі бір көтерілмейді… Биыл сол кінәсін жуған сияқты… Айбаршаның бойына бала бітті. Бірақ осы қуанышын да айтып үлгіртпей, тағы бір жамандықтың төбесі көрінгенде, оның есі шыққан. Бүгін ғана айтудың ретін келтірді. З.Шүк. ~ Дау бес Шектінің талқысына салынатын болса, кемі екі жүздей кісі жиналады. Оның аяғы есепсіз шығынға соғатын еді… Бекарыстан шал алдындағы кінәсін жуу үшін сол шығынды өзі сұрап алып отыр. З.Шүк.