Posted in

КІНӘСІН (МІНІН) БЕТІНЕ БАСТЫ

Біреудің кінәсін, айыбын, мінін бетіне салық қылып басты, жасырмай айтты. ~ Бірінші жоба бойынша, күндер бойы, түндер бойы көкейіне жиылған ашудың запыранын ақтарып, әңгімені қыздың кінәсін бетіне басудан бастамақ болды. Т.Әбд. ~ Жабасқа жағымпазсың деп, бар мінін бетіне басып, қолын бір-ақ сілтейді, ал Тайманға “көңілшексің… орынсыз ұяңдық жалтақтыққа апаратын жол “дейді. З.Қаб.