Posted in

КІРПІГІ (ҒАНА) ҚИМЫЛДАП ЖАТЫР

Аурудан не соққыдан әрең дем алып жатыр, әл үстінде. ~ Қуанып, жылдамдатып сорпамды пісіріп жетіп бардым. «Есін жиды» дегенге мені тани қала ма десем, байқұс əйтеуір кірпігі қимылдап жатыр екен. С.Досж. ~ Ол сұғанақ көзін барлай жіберіп, жан- жағын бір шолып алды да, демін ауыр алып қиналып келе жатқан Кирсановтың бетіне үңілді. Бұл кезде оның кірпігі ғана қимылдап жатыр еді. Ә.Әб. ~ Сыр бойындағы Жосалы стансасында тұратын Уәйіс ақсақал Әскербек барғанда кірпігі ғана қимылдап, өлім аузында жатқан- ды. Қ.Жиен.