Шашы тікірейген, қатты. ~ Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ж.Айм. ~ Мен түрегелдім де, кірпі шашқа қарап: ─ Сіз дағдармаңыз, дені сауға төмені не, жоғарысы не, бәрібір емес пе. Шешей мына мен жатқан жерге жайлассын, – дедім. С.Шайм. ~ Ақыры мойнына он мың доллардың алтын шынжырын таққан, кірпі шаш дөй қара шыдай алмай қасындағы жүдеу өңді жігітке бұрылып: – «Әй, сен қанша сұрап тұрсың?» дейді. Т.Сәу.
