Туған жер; балалық кезің өткен ауыл. * Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл, Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл. Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап, Күресіп күн батқанда белдескен көл. М.Жұм. * Ата мекенінен алыстай ала ма, олар?! Өтенім-өтенім деп к… түскенін білмей қалған қазақ емес пе, бұл. Кір жуып, кіндік кескен жерім деп тауы тұрып құмында, көлі тұрып шөлінде қалған қазақ емес пе, бұл. Б.Қыд. ~ Кір жуып, кіндік кескен ауылды теңіз түбіне тастап кету оңай ма?! Б.Тоғ.
