Posted in

АДАМ (КІСІ) АЯҒЫ БАСЫЛДЫ (СИРЕК)

Адамдардың жүріс-тұрысы азайып, тынышталды. Беймезгіл уақыт болды, күн кешкірді. ~  Кейбір қоралардың қасында қарауытқан мал көрінеді. Мал қоралап, адам аяғы басылайын депті. Анау адырдың түбіндегі қомақтырақ қорадан түтін бұрқырап жатыр. Ж.Айм. ~ Жайлап басып көше бұрышын жалпиған тұрқымен түгел алып жатқан абажадай қыш үйге тақады. Кісі аяғы сирек, есік алды тайғанақ. Д.Досж