Posted in

КІСІ (ЖҰРТ) АЯҒЫ САЯБЫР

Қатынап жатқан адам саны сиреді. – Аракiдiк орындықтарда бiр қолымен коляска тербеп газет оқып отырған жас әке, шахмат ойнап шүңкiлдескен шалдар болмаса, бақ iшiнде кiсi аяғы саябыр. Т.Сәу. ~ Сөйтіп жүргенде бір күні қояншық Төкен алдынан қарсы ұшыраса кетті. Жұрт аяғы саябыр. Т.Сәу. ~ Мен қиғаштау қарсы отырғанмын және пойыз тоқтап тұрғандықтан, кісі аяғы саябыр сәттерде әңгімелерінің шет жағасын еміс-еміс құлағым шалады. Л.Толс.