Posted in

КІСІ АЯҒЫ СИРЕДІ (САЯБЫРЛАДЫ)

Күн кешкіріп, көшеде жүріп жатқан адамдар азайды. ~ Дызақтай шабалақтап кеп, мойнын бұрса, тырағалай қашып, безіне жөнелер ауыл итінің сыры бір өзіне мәлім жандай бейқам. Көшеде кісі аяғы да сирепті. М.Сүн. ~ Қала дел–сал ұйқыға шомып, көшеде кісі аяғы сиреген кез. Д.Дос. ~ Көшеде кісі аяғы да сирепті. Ә.Нұрп. ~ Жеке палатаға шырғарған соң алғашқы екі-үш күнде көңіл сұрай келушілерде толас болмады. Күрсінді, күйзелді. Кейбірі теріс қарап көзін сығымдап алды. Бірте-бірте кісі аяғы саябырлады. Т.Сәу. ~ Бірте-бірте кісі аяғы саябырлады. Т.Сәук. ~ Ақ мысық иіскелеп иесінің ізін қуа кісі аяғы саябыр, қос жиегін қалың жапырақты үйеңкі күрегейлеген, қалтарыс-бұралаңы көп жіңішке көшені ұзақ шарлады. Т.Сәук. ~ Арлы-берлi сапырылысқан жұрт аяғы саябырсып, вагон iшi тынши бастаған. Т.Сәук.