Posted in

КІСІ БАСЫ

Әр адам, әр қайсысы. * Газетті ұйымдастырып, қаражат жинауды жұрт Қостанайдың атақты байы – Смайыл хажы Жаманшаловқа тапсырған еді және сол арада, кісі басы ақша шығарып, мың жарымға жақын қаражат жиналған еді, артынан Смайыл ол ақшаларды жеп қойып, газет шықпай қалған. С.Мұқ. ~ — Қайным, қалай дейтін несі бар, көріп тұрсың ғой. Ауыр. Кісі басы он сегіз сиыр. Он үштің жөні бөлек екен да. Екі қарымыз салдырап қалады… М.Сүн.