Ерекше ұнамды; көз тартатын, керек деп табатын. ~ Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау. Асауға шалманы қалай дәл тастайсың. Б.Соқп. ~ Шыңғысхан көпе-көрнеу көңілденіп жүре берді. Дөң басында кинодағы Наполеонша танауы делдие қолын қусырып қалт тұра қап, мен бұрын естімеген кісі қызығарлық ашық, айқын дауыспен: – Әне, қасапхана! — деп саңқ етті. М.Қаб. ~ Сырт келбетімде кісі қызығарлық ештеңем жоқ. Енді осындай жұпыны киінген мына Кебекті кім елейді? Қ.Әбіл. ~ Л ә з з а т. Менде кісі қызығатын қай өмір бар дейсің. Салиха. Өлеңдерімді оқып жүрсің, әйтеуір барым сол ғой. Т.Ахт. ~ Мемлекет деген ұғымдар мүлдемге жойылып, тек қана талас-тартыс, қан төгістер өмір сүреді. Қай жерде кісі қызығатын нәрсе болса сол жерге таласады. Ж.Шәк.
