Posted in

КІСІ ҚҰРЛЫ (ҒҰРЛЫ) КӨРМЕДІ (САНАМАДЫ, ЕЛЕМЕДІ)

Менсінбеді; адам орнына санамады; адам деп есептеспеді. ~ 1916 жылы ауылға мұғалім болып келген Жансейітті Тұмабай кісі құрлы көрмеген. Б.Тоғ. ~ Екі көзі бақырайып, өзіне бажырая қараған Айтанды кісі құрлы көрмеген Бексұлтан тез киініп, үйден шыға жөнелді. С.Дос. ~ Әй, Қасымбек ит те залым ғой, «кеше ғана кісі ғұрлы көрмеуші едіңдер, ә, бәлем, қандай екен!» деп, жаман ауылды жынды қылғысы келгендей, күніне бір рет келіншегін ертіп, жалғыз көшенің бас-аяғын айналып “саяхаттап” шығады. Т.Сәу. ~ Бар қарауылдың бек жақсысын кісі ғұрлы көрмей, атаусыз қалдырған керей асына бару — арадан сатқын шыққанмен бірдей. С.Жүн. ~ Өзіммен бірге оқыған ұл – қыздарды кісі құрлы санамаппын. менің өйтуге қандай хақым бар еді? Ә.Тар. ~ Түнғатар қайсар екен, директордың сөзін шыбын шаққан құрлы көрмейтін тәрізді. Директордың өзін кісі құрлы елемейтін тәрізді. Ә.Тар.