Posted in

КҮДЕРІ БЕЛ

Төзімді, мықты, қарымды, көнбіс жылқы малы. ~ Абай мен Ербол үндеместен Байкөкшенің соңына ерді. Кеш тақау, қоналқалық жерге әлі де жүре түсіп жету қерек. Байкөкше енді арттағыларды қатарына ілестірмей, алға өзі түскен бойында күдері бел күреңін ұзын қамшысымен қатты соғып қалып, бұлаң құйрыққа салды. Борт-борт желіп жөнелді. М.Әу. ~ Е-е-е, күн сынайды, күдері бел шыдайды. Қайтесің енді? Суға бола, жақыныңмен жыртысасың ба? АҚ “Таразы…” ~ Күдері бел күреңімді сауырлап, Күрең жалқын күнбатысқа сүңгідім. Д.Кәп.