Болашаққа деген үмітін жоғалтты, сенімінен айрылды; көңілі суыды. ~ Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу, У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!– Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып, Өлем деп жас өмірден күдер үзу. М.Жұм. ~ Оның рас. Осы Ақшоқыны ел қылам деп жүрген үкіметте ақыл жоқ, – деді Есен күдерін үзген адамның түрімен қолын сілтеп. Т.Әс. ~ Сен болмаған соң ортамыз төмен түсіп тұрғандай болдық. Келіп қалар деп көп тостық. Күдер үзіп қойған едік. Ә.Шәр. ~ Қыз осы отбасына бiр түскеннен кейiн‚ Ержiгiт те күдерiн үзедi.Сонда дау қайдан шығады? Егер ондай қызылкөз табыла қалса… Б.Алд.
