Posted in

КҮЗЕР САЛДЫ

Мұздың үстіне шөп-шалам төсеп, өтетін жол, өткел жасады. ~ Арғы көшедегі біреулер мұз ұстіне күзер салып, малын бергі жаққа өткізе алмай әуре. Ә.Асқ. ~ Төселген қамыс аязда қатып қалып,оның үстінен ат, арба және т.б.көліктер оңай өтіп отырған.Торғай, Сыр бойы, Іле және Балқаш бойындағы қазақтар мұз үстінен күзер салған. Қараторғай өзенінен көшпелі ауылдар күзер салып өткендігі туралы күнделігінде баяндап кеткен. (Рычков,1772:57). М.Терекб.