Posted in

КҮЙ КЕШТІ

Ерекше сезімге бөленді, әлдебір жағдайды басынан өткерді. ~ Соны сезе тұрып, дағдарып, қалыпты мiнезiнен айрылып, өз-өзiне есеп беруден, ойлаудан қашады. Жаз өтiп, қоңыр күз басталғанда мен де сондай күй кештiм. Т.Жұрт. ~ Кіндік қаны тамып, төсінде ойнақ салған туған жері есіне түссе ет-жүрегі елжіреп, мазасыз күй кешеді. Д.Рам. ~ Қайыршыға жел қарсы» деп енді дастарқанға тамшы тама бастады, тамған сайын жүрегіме біреу ине пісіп-пісіп алғандай күй кештім. Е.Әбік.