Posted in

КҮЙЕКСІЗ ҚОШҚАРДАЙ (ТЕКЕДЕЙ)

Бетімен кеткен д.м. ~ Сенің қарындасыңды қайтем. Соңына сөз ерген қыздың керегі қанша? — деді. — Ол өсек. — Өсек емес, шын. Қарындасыңды маған бергің келсе, әуелі ананың жүрімін қысқарт. Күйексіз қошқардай, қуалап кетіп жүрген көрінеді ғой! Ә.Нұрп. ~ Өзінің апа-қарындастарына күйексіз қошқардай қандай еркін болса, жасы үлкеннің сақалы мен жасы кішінің әке-шешесіне де сондай тыйымсыз ауыз. Ғ. Мүс.~ Гүлнәр қыз, Сіз ең алдымен қазақ болып ойлап көріңіз, сосын қазақ болып, осы биді білмесеңізде білмек талаппен билеп көріңізші. Қандай қимыл-қозғалысы ұнамады? Сізше, күйексіз текеше селкілдей жөнелетін өзге билер немесе жалаңаш кіндігін жарнама етушілер өрескел көрінбей, бүкіл буын-буынды әдеппен қозғайтын тағылымды би – қара жорға ерсі көрінді ме? Ж.Шәк.