Қауқиған, қалың, кеудесіне түскен сақал. ~ Борабай оның қолындағы шамды алып, отыра қалып оттық сызып еді, шам жанып сәулесі әлгі кісінің бетін жарық қылды: күйек
сақал, жарқабақ, қапсағай келген қара кісі екен, аяғында Ақмола елінің азаматтарының бір
жылқының былғарысын тұтас ойып тігіп киетін кең саба етігі. Б.Майл. ~ Ащы қайғы, қанды жас, тыңдаса оны жібір тас, Сорлы болған Қамардың көзінде дүр зар-зар. Күйек сақал Нұрымның иегінде зар-зар, Ит мұрындай тікендер жиегінде зар-зар! С.Торы.~ Киік мүйізді қызыл сиырға тарантас жеккен біреу артымыздан келіп тіреле тоқтады. Тал қораптың алқымында – күйек сақалды, еңгезердей қара кісі отыр. Б.Майл. ~ Ана жерде де лапылдап жанып жатқан от, мына жерде де – лапылдап жанып жатқан от. От төңірегі – найзалары шошаңдаған күйек сақал еркектер. Ә.Кек. ~ Іргедегі Аршатының байырғы тұрғыны екен. Кеңірдегі сорайған, шынжау етті, күйек сақал қушиған арық кісі. Ә.Асқ. ~ Дәл жанында жан алғыш әзiрейiлдей отырған күйек сақал жуан қара мырса етiп күлген. К.Сег.
