Posted in

КҮЙІСІНЕН ЖАҢЫЛҒАН МАЛДАЙ (ЖАҢЫЛҒАНДАЙ)

Үйреншікті әдетін қайталамады. * Тағы да Қорықовты жібермей, күйісінен жаңылған малдай екі бірдей қызыл көз пәлені қайдан ғана жібере қойды екен. Б.Қыд. * Сөйлегенде болсын, жазғанда болсын төл сөздеріміздегі үйлесіп, үндесіп, бір сыдырғы айтылып келе жатқан дыбыстардың тіркесіне іріткі түсіріп, күйісінен жаңылған малдай мәңгіріп қалатын кездеріміз жиі байқалады. Б.Қали. * Бескемпір үйге кайта кірді. Кесте бізге қадалған Лесяның баяғы сол аспан көзі, нар үстіндегі Тасқабақтың төңірейген бөксесі… нанның кепкен қоқымын қытыр-қытыр кемірген Мешел күйісінен жаңылғандай қылғынып отырып қалды. Қ.Ысқ.